"Денесін бөлшектеп тастаған". Тараздағы зауытта қайғылы оқиға болды

"Денесін бөлшектеп тастаған". Тараздағы зауытта қайғылы оқиға болды
Фото: КТК

Жамбыл облысындағы кәсіпорында қайғылы жағдай болды. Екі жұмысшыны фосфор ұнтақтайтын қондырғы турап тастаған, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қайғылы оқиға "Қазфосфат" серікітестігінің Сарысу ауданындағы бөлімшесінде болды. "Қаратау кен өндіру" комбинатындағы фосфор ұнтақтайтын қондырғыны жөндеу кезінде ол іске қосылып кеткен. Ішінде бес адам болыпты.

35 және 28 жастағы екі қызметкер сол жерде жан тапсырды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, құрылғы екеуінің денесін кескілеп, бөлшектеп тастаған. Қаза тапқандар дәнекерлеуші және слесарь болып жұмыс істеген екен.

Өзге үш адам жеңіл жарақатпен құтылды. Қазір осы дерек бойынша іс қозғалып, тергеу басталды.

G. Dosymshalova