Мәдениет және спорт министрлігінің шенеуніктеріне қарсы іс қозғалды

Мәдениет және спорт министрлігінің шенеуніктеріне қарсы іс қозғалды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Антикор мемлекеттік кәсіпорынның ғимаратын арзан бағамен иеліктен шығару дерегін тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты Алматы қаласындағы "Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі" РМҚК-ның ведомстволық бағынысты ғимаратын мемлекет мүддесіне ауыр зардаптарға әкеп соққан үлестес заңды тұлғаның пайдасына төмендетілген бағамен иеліктен шығару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанның төрт жоғары оқу орны - Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті, Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті сауда-саттыққа шығарылған. ЖОО-дағы қатысу үлестерін сату туралы шешімді Қаржы министрлігі шығарған.

Е. Төлеш