Пойыз билетін ерте сатып алу арқылы ақша үнемдеуге бола ма?

Пойыз билетін ерте сатып алу арқылы ақша үнемдеуге бола ма?
Фото: Тұрар Қазанғапов

"Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілі 2022 жылғы 1 шілдеден бастап облысаралық қатынастағы барлық әлеуметтік маңызы бар маршрутқа тасымалдау құнын 7 пайызға жоспарлы түрде индекстеу көзделіп отырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz. Мұндай ақпарат акционерлік қоғамдық сайтында жарияланды. 

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар маршруттарға динамикалық баға белгілеуді енгізуге байланысты пойыз жөнелтілген күннен бастап биылғы 1 шілдеде жол жүру құжаттары құнының диапазоны -25 пайыздан +25 пайызға дейін өзгереді.

Айта кетейік, динамикалық баға белгілеу - сатып алу кезеңіне (поезд жөнелтілгенге дейінгі күндер саны), сыйымдылық деңгейіне (бос орындар саны), сұранысқа және сұраныстың біркелкілігіне (апта күндеріне, жөнелту және келу уақытына байланысты) байланысты жолаушылар пойыздарында жол жүру құнын саралау.

Ж. Қадыржанова