Қазақстандықтарға біржолғы төлем тағайындалды - фейк

Қазақстандықтарға біржолғы төлем тағайындалды - фейк
Фото: Тұрар Қазанғапов

Желіде Президент Жарлығымен қазақстандықтарға 72 000 теңге төлем тағайындалғаны туралы хабарлама тарады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Әлеуметтік желілерде Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау, білім беру салаларында жұмыс істейтін қызметкерлерге және отставкадағы полицейлерге 72 000 теңге мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төлеу туралы Жарлыққа қол қойғаны туралы хабарлама тараған. Басылым мәліметінше, бұл - өтірік.

Stopfake.kz

Хабарлама ресми сайтта немесе беделді БАҚ-та емес, белгісіз парақшада жарияланған. ҚР Президентінің ресми сайтында 72 000 теңге мөлшерінде біржолғы төлем туралы Жарлық жоқ.
Мұндай әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің де ресми сайтында жоқ.

Egov.kz электрон үкімет порталындағы жәрдемақы мен әлеуметтік төлем тізбесінде де денсаулық сақтау, білім беру салаларының қызметкерлері мен отставкадағы полицейлер 72 000 теңге алуы мүмкін екені туралы ақпарат жоқ.

Ж. Қадыржанова