Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концерт өткізеді

Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концерт өткізеді
Фото: kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайберген Алматыда алғаш рет жеке концертін өткізеді. Әнші бұл туралы Instagram-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

"Құрметті достар! 2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматы қаласында Stranger атты концертім өтеді! Бұл - менің оңтүстік астанада ұйымдастырылатын алғашқы жеке шығармашылық кешім. Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі - орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдармандарыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін! Билеттерді сату басталғаны туралы қосымша хабарлаймыз. Ақпаратты жіберіп алмаңыз!" - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Айта кетейік, 30 мамырда қазақстандық әнші Димаш Құдайберген YouTube-арнасында биыл ақпанда шыққан Okay әніне түсірілген жаңа бейнебаянының тұсауын кескен еді.

Ж. Қадыржанова