"Нағыз жанкүйер". Танымал әншінің әнін орындаған кішкентай қыз Қазнетті тәнті етті

"Нағыз жанкүйер". Танымал әншінің әнін орындаған кішкентай қыз Қазнетті тәнті етті
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде Kalifarniya лақап атымен танымал әнші Фархат Қалиевтің "Роза" атты әнін орындаған кішкентай қыздың видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видео Instagram-дағы onerli.zhastar парақшасында жарияланған. Желі қолданушыларын кішкентай бүлдіршіннің қылығы тәнті еткен:

Көзін жұмып қояды. 

Періштем-ау образға кіріп кетіпті ғой, тіл көзден сақтасын!

Жаным, өзі сондай сүйкімді.

Құдай жаным, дауысыңнан.

Жаным, көзін жұмып қояды өзі.

Жанкүйері екені бірден көрініп тұр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?Қазақтың өнерлі ұл-қыздары?? (@onerli.zhastar)

Instagram-да кішкентай қыздың атынан ашылған парақша да бар екен.

"Рақмет, халқым, қолдауларыңызға", - деп жазған ол.

Видеодағы бүлдіршіннің есімі - Кәусар Асан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асан Кәусар Бағытбекқызы (@kashponai)

"Юрта саябағында өзімнің алғашқы концертімді бердім! Бұл менің алғаш рет үлкен сахнаға шығуым! Қатты сөкпеңіздер. Халқым сұраған соң Kalifarniya ағамның хит "Роза" өлеңін айтып бердім!", - делінген оның парақшасында.

Әншінің өзі де видеоға "балапаным менің", - деп пікір жазған. Сондай-ақ, парақшада кішкентай қыздың әншімен бірге ән айтқан видеосы да бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Асан Кәусар Бағытбекқызы (@kashponai)

Айта кетейік, Kalifarniya Instagram-парақшасында 1жыл бұрын шыққан осы әні YouTube желісінде 10 миллион қаралым жинағанын жазған.

 

Ж. Қадыржанова