"Заң бұзылмаған" - полиция туды қоқыс қабы ретінде пайдаланды деген видео туралы

"Заң бұзылмаған" - полиция туды қоқыс қабы ретінде пайдаланды деген видео туралы
Фото: exk.kz сайтынан

Желіде Қазақстан туы қоқыс қабы ретінде пайдаланылғаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz

Оны "Экспресс К" сайты жариялады. Онда мемлекеттік ту қоқыс қабы ретінде пайдаланылғанға ұқсайды. Көлікте тудан бөлек басқа да қаптар жатыр. 

"Қоқыс қабы. Біздің туымыз қоқыс қабына айналды", - дейді видеодағы ер адам. 

Көлікте елордалық нөмір тіркелгенін байқауға болады. Бұл дерек бойынша Нұр-Сұлтан полиция департаментінен пікір сұрадық. 

"Мердігерлер немесе әкімдік жауап беруі керек, бұл жерде заң бұзылмаған", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері. 

Е. Төлеш