"Ет қымбат". Қазақстандық студент Кореядағы өмірі туралы айтты

"Ет қымбат". Қазақстандық студент Кореядағы өмірі туралы айтты
Фото: elitar.kz

Қазақстандықтар жыл сайын оқып, жұмыс істеп, өмір сүру үшін Оңтүстік Кореяны таңдап жатады. "Коре" университетінің студенті Марсель Юсупов Корея астанасы, ондағы баға және адамдар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Elitar.kz.

"Қазір Сеулде тұрамын. Алғашында оқуға келдім, сөйтіп, осы елге ғашық болдым! Қазір студентпін. Қазақстанға қайтамын ба немесе осында қаламын ба, бітірген соң анық шешіледі. Бұл көптеген факторға байланысты", - дейді ол.

Марсельдің айтуынша, Кореяда инфрақұрылымға да, адамдарға да көп көңіл бөлінеді. Мүмкіндігі шектеулі жандар да назарда. Қоғамдық көліктердегі пандустар мен арнайы көтергіштер - мүгедек жандар үшін жасалатын жұмыстардың аз ғана бөлігі.

"Маған бәрі терең ойластырылғаны, қаладағы велосипед жолдарынан бастап Сеулдегі кез келген жерге 20-30 минут ішінде жетуге болатын метроға дейін ұнайды. Тіпті жақын маңдағы қалаларға дейін, мысалы, Ансан, Инчон, Пентекке жетуге болады. Менің ойымша, бұл тұрғындар үшін өте ыңғайлы және экология жағынан да тиімді. Метро 1974 жылы салынған және Нью-Йорк метросынан кейін екінші орында. Тегін дәретханалар кез келген жерде бар, барлық жерде ұқыпты және кофені дәмді дайындайтын дәмханалар көп", - дейді Марсель.

Кореядағы түскі ас пен кешкі ас жергілікті тұрғындарға да, туристерге де қолжетімді екен. Орташа баға 2500 теңгеден басталады (7000 вон). 

"Жергілікті кафелерді шиктан деп атайды. Шиктанадағы орташа баға - 7000 мың-12 мың вон (4000 теңгеден жоғары), бұл Корея үшін өте қолжетімді. Сонымен қатар, тағам дәмді, ал бөліктері үлкен. Көше тағамдарының мәдениеті жақсы дамыған - кимпаб, токпоки, одэн және т.б. Олар шиктанадан да арзан. Алғашында корейлердің Қазақстандағы сияқты тағам мен мекеменің эстетикасына соншалықты мән бермейтіні таңғалдырды. Мұнда ең бастысы - тамақ сапасы. Мекемелер арасында үлкен бәсекелестік бар, менің ойымша, бұл тағамдардың бағасына, қызмет көрсету сапасына жақсы әсер етеді", - дейді ол.

Марсель корейлер азық-түлік алу, сауда жасау үшін үлкен супермаркеттерге баратынын айтты. Сондай-ақ, 7 eleven, GS 25 сияқты дүкендер бар екен. Сондай-ақ, Даисода үйге арналған тауарларды сатып алуға болады екен, бұл - еліміздегі Икея мен Минисоның аналогы.

Қазақстандық жігіт Кореядағы өнім сапасы туралы да айтып берді.

"Ет өте қымбат: америкалық және аустралиялық еттің бір келісі шамамен 15 000-18 000 (5 300-6 400 теңге), ал жергілікті ет 50 000 вон және одан да жоғары тұрады. Мен Қазақстанда жеміс-жидекке қатысты жағдай әлдеқайда жақсы екенін атап өткім келеді, бізде маусымдық жеміс-жидектер көп және олар табиғи түрде өсіріледі. Мұнда бұл жеміс-жидектер импортталады, біздегі сияқты дәмді емес. Маған корей тағамдары ұнайды, жеңіл әрі сіңімді. Маған қоспаларды сұрап алуға болатыны ұнайды және көбінесе тегін болады. Кез келген кафеде су мен жеңіл тағамдар тегін беріледі", - дейді студент.

Оның сөзінше, қалада жүру өте ыңғайлы және қолжетімді. Кореяда инфрақұрылым өте жақсы дамыған.

"Метро бағасы 1 250 вон және одан жоғары болады. Мұның бәрі сапардың бағыты мен ұзақтығына байланысты. Мысалы, Сеулден Ансанға дейін сапар құны 1 950 вон (700 теңге) болады. Метрода мен автобуста жүру үшін T money картасын сатып алу керек. Оңай сияқты. Карта құны - 3 000-4 000 вон (1000-1 500 теңге). Бұл карта Кореяның барлық аумағында жүруге метрода да, автобустарда да жарамды", - дейді Марсель.

Оның айтуынша, корей тілі білмесе, кез келген жұмыс қиын болады. Қазақстандықтар көбінесе зауыттарда жұмыс істейді екен, ал корей тілінде жақсы сөйлесе, корей дипломы, басқа елдерде жұмыс істеген тәжірибесі болса, корей компанияларына орналасуға мүмкіндік туады екен.

 

Ж. Қадыржанова