Аптап далада қазанды жерге қойып, ас әзірлегендердің видеосы жарияланды

Аптап далада қазанды жерге қойып, ас әзірлегендердің видеосы жарияланды
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде далада қазанды жерге қойып, ас әзірлегендердің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видео Instagram-дағы 59cek парақшасында жарияланған.

"Қызылорданың ыстығы, міне", - дейді видеодағы ер адам.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 59cek ? (@59cek)

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазған:

Біздің ауылда 75 градус болды бүгін күн.

Оттан алып барып жерге қойып, түсірген видео ғой, ай далада қазан ұстап, не істеп жур әйтпесе? Отын жатыр жанында.

Жылда осындай видео болады ғой, үйреншікті болып қалды.

Маңғыстау 44 градус болып тұр.

Ет салып қой, кешке жейсің.

Шатырдың өртенген кезі болған күннің ыстығына.

Айта кетейік, "Қазгидромет" РМК 29 маусымда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялаған еді. Сондай-ақ, 44-45 градус ыстық болатыны хабарланды.

Ж. Қадыржанова