Қашаған кен орнында шағала қырылып жатыр

Қашаған кен орнында шағала қырылып жатыр
Фото: Видео кадры

Атырауда Қашаған кен орнының жасанды аралдарында шағала жаппай қырылып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Телеарна мәліметінше, мамандар бір апта бұрын мыңнан аса шағала өлгенін байқаса, бүгінде оның саны 5 мыңға жеткен. Құстардың жаппай қырылуы туралы НСОС компаниясы мамандары хабарлаған. Дереу комиссия құрылып, олар аумақты шолып, сынама алған. Қашаған кен орнының жасанды екі аралы мен "Ақ Жайық" резерваты аумағында шағаланың үш түрінің өлексесін көрген.

Бірақ өлекселер арасында өзге құстар жоқ. Бүгінде инспекторлар өлекселерді жинап, өртеу жұмыстарын қолға алған. Ал комиссия қорытындысы бір аптадан соң белгілі болады. Алғашқы сынама қорытындысы бойынша, мамандар шағала құс тұмауынан өлген деген қорытындығы келген. 

"Алматы қаласынан келген микробиология және вирусология институтының мамандарымен сынамалар алынып, қазіргі уақытта Алматы қаласына жолданған болатын. Оның әлі нақты нәтижесі бізде жоқ. Енді әрі қарай инспекция тарапынан НСОС компаниясына жоспардан тыс тексеру жүргізіп, тағы да дәлелдемелер, басқа да материалдарды қарап жатырмыз", - деді Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Мереке Шалқаров. 

С. Сатыбалдина