Семейде 3 жасар бала терезеден құлап, қаза тапты

Семейде 3 жасар бала қаза тапты. Ол 6-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы. 

Анасы төрт баласы ойнап жатқанда, көрші бөлмеге аз ғана уақытқа кеткен. Қайтып келгенде, бір ұлы жоғын байқаған. Әйел бірден түсінген, өйткені ашық терезеде тор болмаған.

Төтенше жағдай қала орталығындағы көпқабатты үйде болған. Әкелері бұл кезде жұмыста болған. Әйел үйде төрт баласымен қалған. Бала терезенің алдына шығып, құлап кеткен.

Телеарна мәліметінше, баланың денесі бетоннан табылған. Жедел жәрдем келгенге дейін бала қаза тапқан.

"Жазатайым оқиға болды. 2019 жылы туған бала көпқабатты тұрғын үйдің 6-қабатының ашық терезесінен құлап кетті. Өкінішке қарай, бала ауыр жарақат алды... Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", - деді Семей қаласының ТЖБ бөлімінің бас маманы Азамат Құнафин.