Өскеменде қатты желден екі қыздың үстіне аялдама құлады

Өскеменде қатты желден екі қыздың үстіне аялдама құлады

Өскеменде қатты желден екі қыздың үстіне аялдама павильоны құлады, - деп хабарлайды КТК.

Телеарна мәліметінше, Гагарин бульвары және Өтепов көшелеріндегі аялдама павильондары құлап, 10 және 12 жастағы екі қыз зардап шеккен. Қазіргі уақытта олар қалалық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер қажет медициналық көмек көрсетіп жатыр. Қатты жел қаладағы бірнеше ағаш пен екі аялдаманы құлатқан. 

"Барлық жерге "Таза Өскемен" кәсіпорнының мамандары аттанды. 10 бригада арнайы техникалармен жолдарды, көшелерді тазартты. Гагарин бульвары аялдамасының павильоны "ҚазӘлем" атты мердігер компанияның кепілдігінде. Өтепов аялдамасына "Таза Өскемен" мекемесі қызмет көрсетеді. Осы екі жағдай бойынша жауапты ұйымдардың кінәсі бар-жоқтығын анықтау үшін ішкі аудит жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Г. Досымшалова