Болгария Ресейдің 70 дипломатын елден қуды

Болгария Ресейдің 70 дипломатын елден қуды, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, оларға тыңшылық жасап, Вена конвенциясына қарсы әрекет етті деген айып тағылған. Дипломаттар 3 шілдеге дейін кетуге тиіс. Сондай-ақ, ресми София Кремльден елшіліктің штат санын қысқартуды талап еткен.

Айта кетейік, екі елдің арасы Ресей Украинаға басып кірген сәттен бастап ушықты. Мәскеу бұл шешімге байланысты әлі ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

"Ресейдің 70 дипломатын елден шығару туралы шешім қабылдадық. Біздің барлаушылар олардың Болгарияның мүддесіне қарсы жұмыс істегенін анықтады. Осы маңызды операцияны сәтті өткізген Болгарияның Ұлттық қауіпсіздік қызметі мен Сыртқы істер министрлігін құттықтағым келеді", -  Болгария премьер-министрі Кирилл Петков.