Кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесі ұсталды

Антикор кәсіпкерден ақша талап еткен қылмыстық топ мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет криминалдық топтың өкілін әшкерелеу бойынша арнайы операция жүргізген. Топ кәсіпкердің мемлекеттік сатып алу туралы конкурста жеңімпаз деп танығаны үшін елорда квазимемлекеттік секторы субъектілерінің басшылығына бермек болған парасын талап еткен.

"25 маусымда осы адам 15 миллион теңге алған кезде ұсталып, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.

Ұсталғандардың тұратын және баратын жерлерінен тіркелмеген жауынгерлік атыс қаруы - "ТТ" және Smith&Wesson маркалы тапаншалары мен олардың патрондары, сондай-ақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғының муляжы, кастет, пышақтар және суық қарудың басқа да түрлері табылып, тәркіленген. Ведомство мәліметінше, қорытынды шешім сотта анықталады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайтыны хабарланды.