Мемлекетке 4 миллион теңгеден аса залал келтірген ЖШС директоры сотталды

Мемлекетке 4 миллион теңгеден аса залал келтірген ЖШС директоры сотталды
Фото: Tengrinews.kz

Қаржы мониторингі агенттігі Атырау облысы бойынша департаменті "Жайық Жарығы" ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі тергеп аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Ведомство мәліметінше, 2019 жылы ЖШС басшысы Атырау облысы Құлсары қаласының аумағын жарықтандыру үшін 150 миллион теңгеден аса сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы болып танылған.

Алайда ол заңнама талаптарын және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шартпен алынған міндеттерді бұзып, рәсімделген құжаттарда көрсетілген жарық шамдарды орнатудың орнына, арзан нашар сападағы жарық шамдарға ауыстырып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде иеленген. Бұл әрекетімен мемлекеттік бюджетке 4 миллион теңгеден аса залал келтірген.

Сот үкімімен серіктестік басшысы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 63-бабының негізінде тағайындалған жаза шартты деп есептеледі.

С. Сатыбалдина