Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде жоғарылады

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Нил Магниді мерзімінен бұрын жеңгеннен кейін жартылай орта дивизион рейтингінің алғашқы ондығына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Рахмонов өткен демалыс күндері Лас-Вегастағы UFC турнирінде америкалық қарсыласын жеңіп, екінші раундтың соңында оны нокаутқа жіберген еді. Файтер үшін бұл жеңіс UFC лигасындағы төртінші жеңісі болды.

Қазақстандық спортшы UFC жартылай орта дивизионының үздік файтерлерінің рейтингінде жоғарылады. Ол бірден 5 позицияға көтерілді, қазір 10-орында тұр. Рахмоновтан жеңілген Магни 12-орынға шықты.

Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңгені хабарланған болатын.