"Қатты сағынба". Головкин Канелоны әжуалады

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес стадионда көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Үшінші жекпе-жектің промотуры аясында боксшылар Нью-Йоркте баспасөз мәслихатына қатысып, "Нью-Йорк Янкиз" бейсбол клубының матчында қонақ болған. GGG матчты доп лақтырумен бастады. Ал кездесу алдында Канело екеуі стадионда көз арбасты. 

"Қатты сағынба, 17 қыркүйекте кездесеміз", - деп Головкин қарсыласына әзілдеді.

 Еске салайық, Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі 17 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.