Нұрболат Абдуллин концертінде тыңдарманына ерекше сый жасады

Нұрболат Абдуллин концертінде тыңдарманына ерекше сый жасады
Фото: nurbullin

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин концерттерінің бірінде тыңдарманына сақинасын шешіп берген. Ол бұл оқиғаның видеосын Instagram-парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz

Әнші концерт Аягөзде өткенін жазған.

"Сақина табылар, көрермен көңілі қымбат. Аягөз, рақмет", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurbolat Abdullin (@nurbullin)

Әншінің оқырмандары Желіде әзілдеп, түрлі пікір жазған:

(...) Қандай бақытты қыз, сіздің сақинаңызға қолы жеткен!

Мәрт жігіт екен.

Қу қыздар, алақаның ашық екенін білген ғой..

Келесі жолы концертке қоржынның қарапайым сақиналарын өлтіріп тағып алып таратсаңызшы.

Неке жүзігін алып алмағанына шүкір!

Жігіттің бір қыры жомарттық, жарадыңыз!

Саусағың аман қалғанына шүкір деп отырмын.

Жарайсың, ағасы, дым ойланбастан шешіп берді ғой. Тыңдарманына деген құрметі зор екен.

Нағыз қазақ жігіті, аман болыңыз, сақина табылады, денсаулық мықты болсын.

Ел мына жақта қантқа таласып жатса.

Жұрттың қыздары не жеп пысық болады осы?

Ж. Қадыржанова