5,8 миллиард теңге жымқырған қаржы пирамидасының басшылары сотталды

5,8 миллиард теңге жымқырған қаржы пирамидасының басшылары сотталды

Алматыда World Business Consulting қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша соталды тергеу аяқталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. 

Ұйымдастырушылары тұрғындарға еншілес компаниялардың инвестициялық жобаларына қаражат салуды ұсынды. Бұл компаниялар сыйақыны алуға кепілдік берді.

"2018-2021 жылдары WBC қаржы пирамидасына жалпы сомасы 5,8 миллиард теңге жиналды. Соталды тергеп-тексеру барысында жалпы сомасы 4,1 миллиард теңгенің мүлкі тәркіленді.

Сот үкімімен қаржы пирамидасының жетекшілері кінәлі деп танылып, 5 жылдан 6,8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, пирамидалық схемасының тағы бес ұйымдастырушысы халықаралық іздеуге жарияланды.

Е. Төлеш