Қоғамдық дәретханада жұқтырып алу қаупі бар аурулар белгілі болды

Қоғамдық дәретханада жұқтырып алу қаупі бар аурулар белгілі болды
Фото: pixabay.com

Hi-News.ru басылымы қоғамдық дәретханаларда қандай ауру жұқтырып алу қаупі барын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz

Саяхатқа жиі шығатындардың ойынша, БАӘ-дегі қоғамдық дәретханалар ең үздігі. Елде шопинг мәдениеті қатты дамыған, сондықтан дүкенде көп адам жүреді. Ал дүкен иелері дәретханалардағы тазалық пен жайлылыққа қатты мән беретін көрінеді. 

Алайда барлық жердегі дәретханадағы тазалық бірдей емес. Кейбір қоғамдық дәретханаларда тазалық жұмысы өте сирек жүргізіледі. Салдарынан қандай да бір ауру не вирус жұқтырып алу қаупі жоғары. 

Ішек таяқшасы - инфекция қоздырғыш. Escherichia coli ішек таяқшасы ішектің төменгі жағында болады және оның көптеген штамы зиян емес. Проблемалар патогендік штамдар ағзаға енгеннен кейін, әсіресе ол адамның денесінің басқа қуыстарына  енгенде басталады.

Сальмонелла - сальмонеллеза қоздырғышы. Сальмонелланың түр-түрі бар және олардың бәрі қауіпті. Ол адам ағзасына еніп, сальмонеллезді қоздырып, адамның жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп, лоқсып, дәретханаға баруы жиілей түседі. Кейбір жағдайда бактерия салдарынан менингит пайда болады. 

Стафилококки - қабынудың себебі. Алтын түстес стафилококк ағзадағы іріңнің қабынуына алып келеді. 

Жұқпалы жыныс аурулары. Көптеген адам дәретханада жыныс жолдары арқылы тарайтын ауруларды жұқтырып аламыз деп қорқады. Әңгіме АИТВ, ұшық, гонорея және басқа да аурулар туралы болып отыр. Шын мәнінде, бұл ауруларды дәретханада жұқтыру қаупі аз: бұл қоздырғыштар ауада 10 секундтан артық өмір сүре алмайды.  

Көптеген адам қоғамдық дәретханадағы ең лас жер - унитаз деп санайды. Алайда бұл олай емес, себебі көбіне унитаз қатты әсер еткіш заттармен жуылады. Көбіне бактерия суды жіберу батырмасында, есік тұтқасында және еденде тарайды. 

Сарапшылар дәретханада ауру жұқтырып алмау үшін не істеу керегін түсіндірді: 

- Ешқашан сөмкеңізді еденге қоймаңыз, себебі ол жерде бактерия көп; 

- Кабина қабырғасын ұстамаңыз, ол жерде де бактерия жетерлік; 

- Суды жіберерден бұрын унитаздың қақпағын жауып қойған дұрыс;

- Соңында міндетті түрде қолыңызды жуыңыз.  

С. Сатыбалдина