Түркияда орман өртегендер өлім жазасына ұшырауы мүмкін

Түркияда орман өртегендер өлім жазасына ұшырауы мүмкін
Фото: ©REUTERS

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған орман өртегендерге қойылған жазаны талқылау қажет екенін айтты, - деп хабарлайды "Массагет" тілшісі МК.ru сайтына сілтеме жасап.

Мугла провинциясының орман шаруашылығы басқармасы осы аптада Мармаристе алапат орман өрті басталғанын хабарлаған еді. Желдің қатты екпіні салдарынан өрт әлі де аймақтарға тарап жатыр. Сәрсенбіде президент Ердоған Мармаристі тікұшақпен тексеріп шықты. Содан кейін түрік билігі өрт қасақана қойылған болуы мүмкін деді.  

Түркия ІІМ басшысы Сүлейман Сойлу Мармаристегі орман өрттеріне байланысты қасақана әрекет жасағанын мойындаған ер адам ұсталғанын айтты. Министрдің сөзінше, ер адам коммерциялық дауға байланысты ашуланып, орманды өртегенін айтқан.

"Жаза нүктесін қайда қоятынымызды түсінуіміз керек. Өлім жазасы? Өлім жазасы болуы тиіс. Бұл туралы мұқият ойлану керек", - деді Ердоған. Ол мәселені талқылауға шақырды.

Түркияда өлім жазасы 2004 жылдың мамырында жойылғанын айта кеткен жөн. Ол уақытта республик Еуропалық одаққа кірген. 

G. Dosymshalova