Руслан Құрбанов Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады

Руслан Құрбанов Олимпиаданың жартылай финалына шыға алмады
Фото: Владислав Семенов

Семсерлесуден Қазақстан командасының мүшесі Руслан Құрбанов Париж Олимпиадасының ширек финалында жеңіліс тапты.

Жартылай финал жолдамасы үшін таласта Курбанов жапониялық Коки Каномен кездесті. Өкінішке қарай, қарсылас спортшы кездесу басталған бойда ұпай санымен алға озып, сол басымдықты ең соңына дейін ұстап тұрды. Қорытынды есеп - 6:15.

Бүгін жарыс жолына шыққан Вадим Шарлаимов пен Эльмир Алимжанов та жарысты аяқтаған болатын. 

О. Сансызбай