Шығыс Қазақстанда ірі бұршақ жауды

Шығыс Қазақстанда ірі бұршақ жауды
Фото: видео кадры

Шығыс Қазақстанда шілдеде бұршақ жауды. Алайда өңірде ауа температурасы сол қалпы жоғары, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өскемен тұрғындары қалада 28 шілдеде ірі бұршақ жауғанын хабарлады. Олардың кейбірі көшеге шығуға да қорыққан.

Бұршақ жауған соң қалада қатты жаңбыр жауды.

Синоптиктердің мәліметінше, қазір Өскеменде күн 27 градусты көрсетіп, бұлтты, жаңбыр жауады. Жел секундына 4-5 метр шамасында.

Қазгидромет бір күн бұрын Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп хабарлады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек