Шымкенттегі индустриялық аймақтағы алапат өрт толығымен сөндірілді

Шымкенттегі индустриялық аймақтағы алапат өрт толығымен сөндірілді
Фото: ТЖМ

Өртсөндірушілер Шымкенттің индустриялық аймағында бірнеше сағатқа созылған күкірттен тұтанған өртті сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өртсөндірушілер сенбі күні түстен кейін басталған өртті жексенбіде таңертең ғана ауыздықтай алды.

"Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлері өртті толық сөндіріді", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, Еңбекші ауданында орналасқан "Ордабасы" индустриялық аймағының аумағында күкірт өртенген болатын. Келген өртсөндірушілер химиялық заттың ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Бекарыс Қошқарбай (@dauletten)

Құтқарушылар 400-ге жуық адамды эвакуациялады, оның ішінде "Шаңырақ" шағынауданында тұратын 200 бала. Төтенше жағдайлар министрлігі өртті сөндіру күкірттің тотығуының химиялық реакциясынан қиындағанын хабарлады. Алдын ала өрт аумағы 1200 шаршы метр болды.

Өрт орнында 300 адам, 100-ден астам техника және ҚТЖ өрт сөндіру пойызы жұмыс істеді. Түнде Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушілер өртті анықтағанын хабарлады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек