Атырауда үш жасар бала субұрқақта қаза болды

Атырауда үш жасар бала субұрқақта қаза болды
Фото: t.me/guwonline

Атырауда бала фонтандағы суға батып қайтыс болды. Оның аяғын құрылымның ішіндегі сорғыш тартып алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Atyrau online" Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 26 шілдеде сағат 17:50 шамасында Әйтеке көшесінде болған.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, кешенді тергеу жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады Атырау облысының полиция департаменті.

Еске салайық, бұған дейін 17 жастағы жігіт әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағындағы субұрқақта қаза болған еді. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның өліміне механикалық асфиксия себеп болған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан