Қарағанды ​​облысында алаяқ демалыс аймағындағы үйлерді "жалға берген"

Қарағанды ​​облысында алаяқ демалыс аймағындағы үйлерді "жалға берген"
Фото: ©Тұрар Казанғапов

Қарағанды ​​облысында алаяқ демалыс аймағындағы үйлерді "жалға берген", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Теміртау ПБ Шығыс полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 23 жастағы әйелді ұстады. Ол әлеуметтік желілердің бірінде Балқаш көлі жағасында орналасқан демалыс аймағының бірінде үйлер жалға берілетіні туралы хабарландыру жариялаған.

Бұл ретте хабарландыруда көрсетілген банк шотқа алдын ала жарна ретінде 20-дан 40 мың теңгеге дейін ақша аудару қажет екені айтылған.

Теміртау тұрғыны үйге алдын ала 27 мың теңге төлеп, алданып қалған. Осыдан кейін хабарландыру авторы байланысқа шықпай қойған. Алаяқтықтың құрбаны болғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінеді.

Күдікті кінәсін мойындады. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында полицейлер ұсталған адамның тағы бес ұқсас қылмысқа қатысы бар екенін анықтаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан