Қостанай облысында жер сілкінісі болды

Қостанай облысында жер сілкінісі болды
Фото: ©️ depositphotos.com

Қостанай облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҰЯО ГЗИ Қазақстан деректер орталығының мәліметі бойынша, бүгін, 27 шілдеде Астана уақыты бойынша сағат 09:54-те Рудныйдан оңтүстік-шығысқа қарай 21 шақырым жерде сейсмикалық оқиға болды.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 52,81 градус, шығыс бойлық 63,28 градус. Магнитудасы - 3,9. Энергетикалық класс - 9.4.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, магнитудасы 3,9 болатын жер сілкінісінің ошағы Рудныйдан оңтүстік-шығысқа қарай 22 шақырым және Қостанайдан оңтүстік-батысқа қарай 55 шақырым жерде болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан