КешYou тобының америкалық рэпермен коллаборациясы жұрттың көңілінен шықпай қалды

КешYou тобының америкалық рэпермен коллаборациясы жұрттың көңілінен шықпай қалды
Фото: видеодан алынған кадр

Америкалық рэпер Snoopdogg пен қазақстандық КешYou тобының бейнеклипі жарыққа шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы продюсер Баян Алагөзова Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

"Клипімізді YouTube-тен тамашалаңыз! Тарихқа куә болыңыз ⭐️🇺🇸🇰🇿 Қазақстандағы әлемдік жұлдызбен алғашқы фит! @snoopdogg @keshyou_official пікірлеріңізді күтемін!", - деп жазды продюсер.

Желі қолданушыларының бұл клипке қатысты пікірі екіге бөлінді. Кейбірі "Баян Қазақстандағы ең мықты продюсер №1", "Көңілді, керемет ән, клип те тамаша", "Қазақстан шоу бизнесіндегі тарихи клип, алға, КешYou" деп жазса, енді біреулері "Талантты ақшаға сатып ала алмайсың", "Көргеніміз көңілімізден шықпады", "Ән, клип👎👎👎👎👎👎👎👎", "Алғаш емес, Иманбек озып кеткен баяғыда", "Снуп тәп-тәуір айтты, бірақ КешYou айтқаны онша емес сияқты", "Үш рет тыңдадым, бірақ сөзін әлі түсінбедім" деп жазып жатыр.

Бұған дейін продюсер Баян Мақсатқызы топқа қатысты үлкен тосынсый бар екенін айтқан еді.  КешYou мен әлемдік жұлдыз коллаборация жасайтыны айтылды. Алайда бұған дейін бұл қандай жұлдыз екені ашық жария етілмеді. 

Кейінірек топтың американдық рэпер Snoop Dogg-пен бірге Америкада клип түсіргені белгілі болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан