Алматыда көшелердің бірінде жол жүру ішінара жабылады

Алматыда көшелердің бірінде жол жүру ішінара жабылады
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматыда Әуезов ауданында жылу желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Алтынсарин даңғылындағы учаскелердің бірінде жол жүру ішінара жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

26 шілдеде сағат 22:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін Алматының Әуезов ауданында көлік қозғалысы Алтынсарин даңғылы бойынша №6 қалалық ауруханадан Абай даңғылына дейін оңтүстік бағытта жабылады.

Алтынсарин даңғылындағы қозғалыс солтүстік бағытта ашық болады.

Алдағы жылыту маусымына жылумен жабдықтау желілерін дайындау жөніндегі іс-шаралар шеңберінде магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақытша шектеулер енгізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ "2GIS" және "Яндекс карталар" сервистерінде орналастырылған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина