Белгісіз біреулер Алматыдағы сауда орталығында "мина" барын айтқан

Белгісіз біреулер Алматыдағы сауда орталығында "мина" барын айтқан
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Белгісіз біреулер Алматыдағы сауда орталығында бомба барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғындардың сөзінше, 26 шілдеде сағат 12.00-де полицейлер "Максима" сауда орталығын қоршауға алған. 

Полицейлер оқиға орнына келген. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері келді.

"Алғашқы әрекет ету шаралары аясында қаланың төтенше жағдайлар қызметі аталған сауда орнын тексерді, нәтижесінде мина туралы хабар расталмады, сауда орталығы қалыпты жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады Алматы полициясының баспасөз қызметі. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина