Қызылорда облысында шетелдік қос азаматтықпен жүрген

Қызылорда облысында шетелдік қос азаматтықпен жүрген
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысында қос азаматтықпен жүрген шетелдік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шілде айында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде белгіленген мерзімде Ресей Федерациясының азаматтығын алғаны туралы хабарламаған Байқоңыр қаласының тұрғыны, 18 жастағы азаматшаны анықтады.

Шетелдіктен Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі алынды. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді. Тәртіп бұзушы ҚР ӘҚБК-нің 496-бабы 2-бөлігімен 200 АЕК (738 400 теңге) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді.

"Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" ҚР Заңының 21-бабына сәйкес басқа мемлекеттің азаматтығын алған жағдайда, көші-қон қызметі бөлімшелерін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде хабардар ету қажет.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина