Маңғыстау облысында 10 жастағы бала ағып кете жаздаған

Маңғыстау облысында 10 жастағы бала ағып кете жаздаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 25 шілдеде Құрық ауылында болған. ТЖМ құтқарушыларының Каспий теңізінің жағалауында профилактикалық іс-шаралар өткізуі барысында 2014 жылы туған бала құтқарылып, жағаға жеткізілді.

Баланы жағадан үрлемелі шеңберде 250 метр қашықта ағынмен алып кеткен. Медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина