Бас прокуратура Көкірекбаевтың қайтадан қамауға алынуына қатысты пікір білдірді

Бас прокуратура Көкірекбаевтың қайтадан қамауға алынуына қатысты пікір білдірді
Фото: president.kg

Бас прокуратура бірнеше рет пара алды деп айыпталып, ақталып шыққан Кәрім Көкірекбаевтың қайтадан қамауға алынуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

7 маусымда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сыбайлас жемқорлықпен байланысты іс бойынша үкім шығарды, мұнда алқабилердің кесімімен ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ бұрынғы басшысы К.Көкрекбаев тағылған айыптардың барлық эпизодтары бойынша ақталды.

Онымен бірге іс бойынша өткен оның орынбасары А.Ахатаев пара алғандығы, ал "BazisConstruction Infr" ЖШС филиалының директоры А.Поплавский аса ірі мөлшерде пара бергендігі үшінкінәлі деп танылды.

Прокуратура мәліметінше, Алматы облысының прокуратурасы Кокрекбаевтың ақталған бөлігінде үкіммен келіспей, апелляциялық өтінішхат енгізді.

2024 жылғы 25 шілдеде Алматы облыстық соты прокуратураның апелляциялық өтінішхатын толық қанағаттандырып, сот үкімінің күші жойылып, іс жаңа сот талқылауына жіберіліп, Кәрім Кокрекбаев сот залынан қамауға алынған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина