Қазақстан - Ресей шекарасында көлік өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін
![Қазақстан - Ресей шекарасында көлік өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін](/userdata/news/news_112613/image_l.jpg)
Фото:
© astana.kz
Қазақстан - Ресей шекарасында көлік өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҰҚК Шекара қызметі 29 шілде мен 3 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Сырым" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлады.
Көрсетілген кезеңде шектес аумақтағы "Маштаково" БӨП-інің инспекциялық-тексеру аймағында жол төсемін жөндеу жоспарланған.
"Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина