Жол апатынан қайтыс болған 18 жастағы жігіт ағзасын беріп, 4 адамды құтқарды

Жол апатынан қайтыс болған 18 жастағы жігіт ағзасын беріп, 4 адамды құтқарды
Фото: Tengrinews.kz

Жол апатынан қайтыс болған 18 жастағы жігіт ағзасын беріп, бірнеше адамды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, донорлық ағзаларды ұзақ уақыт күткен төрт пациентке трансплантаттау бойынша сәтті операциялар жасады. Қайтыс болғаннан кейінгі донор жол апатынан алған жарақаттарынан қайтыс болған 18 жастағы жігіт еді. Оның туыстары ағзаларды алуға келісім берген.

"ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығы (ТЖТМҚҮРО) донорлық және трансплантаттау процесін жедел ұйымдастыруды жүзеге асырды. Көп ағзалық алу барысында бауыр, жүрек және екі бүйрек алынды. 25 шілдеде мамандар ағзаларды трансплантаттау бойынша сәтті операциялар жүргізді", - делінген хабарламада.

Ең алдымен Шымкент қаласының жүрек орталығында 1966 жылы туған пациент жаңа жүрекке ие болды, А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында 1966 жылы туған пациентке бауыр трансплантатталды. Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасында 1984 жылы туған пациентке бүйрек трансплантатталды, University Medical Center клиникасында 2008 жылы туған балаға екінші бүйрек трансплантатталды.

Есірткіге, шылымға құмар адамдар мәйіт доноры бола ала ма? Сарапшы пікірі

Еске салайық, бұған дейін өмірден өткен қазақстандық әйел донор болып, бес адамды аман алып қалғанын хабарлаған едік. 

Ағза ауыстыруға кезекте тұрған үш пациентке операцияны 17 шілде күні University Medical Center қорының мамандары жасаған. 

"Донор - 44 жастағы әйел, ол геморрагиялық инсультпен ауырған. Дәрігерлер кеңесі ми өлімін тіркеген. Алайда оның туыстары донор болуға рұқсат беріп, бес адамның өмірін аман алып қалды", дейді қор өкілдері.

"Жыныс мүшелерін салуға болмайды, шариғи өлім болуы керек": өлген адамның денесін тірі адамға салуға бола ма?

Донор болған әйел адамның ағзалары 43 жастағы әйелге (жүрек транплантациясы), 15 жастағы қызға (бүйрек трансплантациясы) берілген. Науқастардың жағдайы жақсы, олар мамандардың бақылауында, оңалтудан өтіп жатыр. Екінші донорлық бүйрек пен бауыр астананың Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында пациенттерге трансплантацияланды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина