"Жынды әже боламын". Балжан Бидаш болашаққа жоспары туралы айтты
!["Жынды әже боламын". Балжан Бидаш болашаққа жоспары туралы айтты](/userdata/news/news_112588/image_l.jpg)
Фото:
instagram.com/bidash_official/
Танымал әнші Балжан Бидаш өзінің болашағын қалай көретіні туралы болжамын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әдемі мама, жақсы ене, жынды әже боламын деп ойлаймын", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Балжан Бидаш қолына кішкентай сәбиді ұстап отырған суретіне жариялаап, кішкентай сәбидің анасының аты да Балжан екенін жазды.
"Қолымдағы бөпенің анасының да аты - балжан. Есімі - Райс. Есімін өзім қойғанмын", - деп жазды ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева