Әбдіжаппар Әлқожа тағы түсініктеме жазып, айыппұл төледі

Әбдіжаппар Әлқожа тағы түсініктеме жазып, айыппұл төледі
Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha/

Жақында ғана онкұндік қамаудан шыққан Әбдіжаппар Әлқожа ұсталған кездегі киімдерін өртегені үшін айыппұл төледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы әнші Бағлан Әбдірайымов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Достар, көлігімді өртеді деп ойладыңыздар ма? Жоқ, біз аманатқа қиянат жасамаймыз. Дәл осы көлікті ертең сіздерге сыйлаймыз және тағы екі автокөлігіміз бар. 30 адамның 100 мың теңгеден қарызын жабамыз деген ниеттеміз. Тек кино көрген көрермен үшін ғана", – деп жазды әнші парақшасында. 

Оқырмандар әншінің бұл әрекетін сынап жатқанымен, пікір жазушылардың арасында әріптесі Әбдіжаппар Әлқожа да бар екен. 

"Бәке, байқаңыз, Алатау ауданы әкімшілігі айыппұл салады. Көрдік қой от жаққанды. Айыппұлын төлеп, түсініктеме жаздық", - деген Әбдіжаппар Әлқожа қамаудан шыққаннан кейін киімдерін өртегені үшін жазаланғанын жазды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева