Төреш шұжығын неге тегін таратып жүргенін түсіндірді

Төреш шұжығын неге тегін таратып жүргенін түсіндірді
Фото: әлеуметтік желі

Танымал әнші Төреғали Төреәлі "Төреш" шұжығын неге халыққа тегін таратып жүргенінің себебін айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жақында Төреғали Төреәлі туып-өскен жеріне, оқыған мектебіне барып, бала армандары туралы айтты. 

"Мектебімнің асханасы тегін тамақ тарататын кезде мен де тағатсыздана күтетінмін. Сонда мен де өскенде айналама ас беруді армандайтынмын", - деп жазды Төреғали Төреәлі. 

Ол кейін ержеткенде халқыма тегін тамақ таратамын деген ойға қалыпты. 

"Шіркін, уақыт өте, бала күнімнен келе жатқан армандарымның орындалып жатқанын да білмей қалыппын. Төреш колбасасын қолдан келгенше елге таратып жатқаным да осы күндердің дәнегі болар", - деп жазды ол. 

Сонымен қатар әнші өзінен басқа ешкім білмейтін сырмен де бөлісті. 

"Армандауға болады екен ағайын. Мектебім осы армандарыммен маған қатты ыстық. Оқушы Төрештің, мектеп сахнасында тұрғанда маған бүкіл Қазақстан қарап тұр деп өнер көрсеткенін де өзінен басқа ешкім біле бермейді", - деп ағынан жарылды әнші. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева