Астанада үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Астанада үш жасар бала төртінші қабаттан құлап кетті

Астанада үш жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға бүгін, 25 шілдеде Астанадағы көппәтерлі тұрғын үйдің аумағында болған.

Ұл бала түрлі жарақата алып, ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ ескерту жасады:

  • Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлап кетуден қорғамайды;
  • Балаларға ересектердің қарауынсыз балконға шығуға рұқсат бермеңіз.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан