Ферроқорытпа зауытындағы апат: тағы екі адам ауыр жағдайда

Ферроқорытпа зауытындағы апат: тағы екі адам ауыр жағдайда
Фото: РИА НОВОСТИ

Дәрігерлер Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытындағы апаттан кейін аман қалған 4 адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі қызметкер ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. 

"Тағы екі науқас комбустиология бөлімінде орналасқан, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланып отыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытының сегіз жұмысшысы кенеттен пештен шыққан жалынның салдарынан қатты күйік алып, ауруханаға жеткізілген болатын.

Бұған дейін, 22 шілдеде зардап шеккен бір науқастың қайтыс болғанын хабарлаған едік. Ал 24 шілдеде денесінің 90 пайызын күйік шалған 1999 жылы туған науқас қайтыс болғаны белгілі болды. 

Бүгін ауруханада жатқан тағы екі қызметкер қаза тапқаны белгілі болды.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина