Майқайыңда шахтаға түсіп кеткен автобус табылды

Майқайыңда шахтаға түсіп кеткен автобус табылды
Фото: Tengrinews.kz

Майқайыңда шахтаға түсіп кеткен автобус табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін "Майқайыңалтындағы" үшінші құтқарушының денесі табылған болатын. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов марқұмның туыстарына көңіл айтты.

Өңір басшысы Telegram-да "Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде тұрақты негізде аздаған үзілістермен іздестіру жұмыстары жүргізілгенін жазды. Соның нәтижесінде екі құтқарушының бірінің денесі табылды. Павлодар облысының ТЖД күшімен құтқарушының мүрдесі жер бетіне көтеріліп, жедел-тергеу тобына берілді.

Табылған жетон мен киімінен құтқарушылар взводы командирінің 36 жастағы орынбасары Айдос Шаймерденнің денесі табылғаны анықталды.

Облыс әкімі Айдостың ата-анасына, оның жұбайы Нұрсұлуға, сондай-ақ, туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Ал 55 жастағы жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина