"Өткенді қозғамай-ақ қояйық" Ақбота Керімбекова талантты әншімен ерекше дуэт жазды

"Өткенді қозғамай-ақ қояйық" Ақбота Керімбекова талантты әншімен ерекше дуэт жазды
Фото: instagram.com/botakerim/

Жақында танымал әнші Ақбота Керімбекова жаңа әнін жарыққа шығарды. Ол "Өткенді қозғамай-ақ қояйық" деп аталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақбота Керімбекова бұл әнді Ақтоты Болшовамен бірге орындайды. Ақбота Ақтотымен таныстығы, жаңа әннің жазылуы туралы әлеуметтік желіде мынадай жазба қалдырған болатын: "Жақында Ақбота Болшова есімді талантты қызбен танысқам. Жақсы бір ән ұсынды дуэтке, мақұл деп жарыққа шығардық, тіпті mood video да түсіріп үлгердік. Жақында музыкалық арналардан тамашалайсыздар". 

"Өткенді қозғамай-ақ қояйық,
Енді қояйық бұл әңгімені.
Өткенді қозғамай-ақ қояйық,
Енді айтпайық бұл әңгімені", - деп басталатын әдемі ән бүгін жарыққа шықты. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ARIDAI Music (@aridai.kz)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева