"Бейшара емес". Мақпал Жүнісова қызы туралы пікірлерге жауап берді

"Бейшара емес". Мақпал Жүнісова қызы туралы пікірлерге жауап берді
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal/

Танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде қызы Мерейге қатысты оқырмандардың пікіріне жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің жақында туған күні болғанын, сыйлық ретінде шетелге жібергенін жазып суреттерін бөліскен болатын. Желідегі оқырмандар әнші жариялаған суретке түрлі пікір жазып қалдырды. 

Оқырмандарының арасында "Мерейге шындықты айтпауыңыз керек еді, бейшара қыздың өмірін құрттыңыз” деп жазатындар да бар екен. 

"Шындықты айтқанымызға мен де, Мерей де өкінген жоқ. Бейшара қыз емес. Абайлап сөйлеңіз. Зәкең 18 жасқа толғанда өзім айтамын деген. Мен айтпасам, ертең сіз сияқты басқа адамдар айтып қояды. Оданда өз аузымнан естісін. Өзімнің туған бауырымның қызын бауырға бастық. Ертең күйеуге шығарда өзінің руы мен тегін білгені дұрыс", - деп жазды Мақпал Жүнісова. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева