Елена Рыбакина Александр Бубликтің ұсынысын "қабыл алды"

Елена Рыбакина Александр Бубликтің ұсынысын "қабыл алды"
Фото: instagram.com/lenarybakina

Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші теннисшісі Елена Рыбакина Париждегі Олимпиада ойындарында аралас жұптық сында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Елена Рыбакинамен Олимпиада ойындарында аралас жұптық сында өнер көрсеткісі келетінін айтқан еді. Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтындағы ақпаратқа қарасақ, әлемнің 4-ракеткасы бұл ұсынысты қабылдағанын көруге болады.

Айта кетейік, Александр Бублик осылайша Олимпиадада үш бірдей сынға қатысады: жекелей, Александр Недовесовпен жұптық сында және аралас жұпта Елена Рыбакинамен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан