Тоқаев Париждегі Олимпиаданың ашылуына қатыса ма?

Тоқаев Париждегі Олимпиаданың ашылуына қатыса ма?
Фото: Tengrinews.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу жоспарлап отыр ма? Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесінде оның Париждегі Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысатыны қарастырылмаған", - деді Уәли.

Еске салайық, 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 26 ​​шілдеде Парижде өтеді.

Қазақстаннан барлығы 25 спорт түрінен 80 спортшы 2024 жылғы Олимпиадаға жолдама алды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан