Бұрынғы аудан әкімі Алматының білім басқармасын басқарады

Бұрынғы аудан әкімі Алматының білім басқармасын басқарады
Фото: Алматы әкімдігі

Алматы білім басқармасының басшысы болып Сайран Сайфеденов тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен Сайран Сайфеденов білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды.

Сайран Сайфеденов 1974 жылы дүниеге келген. Абай атындағы қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін, Алматы үздіксіз білім беру университетін, Қазақ жол және қатынас университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Алмалы ауданы әкімінің аппаратында, сондай-ақ қала әкімінің аппаратында жұмыс істеді, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, Наурызбай ауданының әкімі лауазымдарын атқарды.

Әр жылдары Алматы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары, Әуезов ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан