ТЖМ қызметкері ШҚО-да суға батып бара жатқан әйелді аман алып қалды

ТЖМ қызметкері ШҚО-да суға батып бара жатқан әйелді аман алып қалды
Фото: ТЖМ

ТЖМ қызметкері ШҚО-да суға батып бара жатқан әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өскемен қаласы Ертіс өзенінің стационарлық құтқару станциясында патрульдеу жүргізу барысында жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ерлан Бектұрысов пен Әділет Төреханов жағадан 5 метр қашықтықта шомылуға арналған жабдықталған орында көмек туралы шағымданған айқайды естіді.

Дереу құтқарушылар көмекке асығып, 1994 жылы туған суға батып бара жатқан әйелді судан шығарды.

Қазіргі уақытта құтқарылған әйел адамнын жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж емес.

ТЖМ барлық азаматтарды суда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға шақырады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина