"Боқтамасқа болмады". Актер Абай Аязбаев еліміздің жолдарына наразылық білдірді

"Боқтамасқа болмады". Актер Абай Аязбаев еліміздің жолдарына наразылық білдірді
Фото: іnstagram.com/abay_ayazbayev?

"Нысана" әзіл-сықақ театрының әртісі Абай Аязбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Шымкент пен Астана арасындағы тасжолға жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актердің айтуынша, жөндеу жұмыстарының басталғанына біршама уақыт болған. 

"Бұл жолдың жөндеу жұмыстары қашан бітеді өзі? Мына жолды жөндеп жатқанына қанша жыл болды. Боқтамасқа болмайды, күйіп кетесің. Ертең бұл жол біткеннен кейін басқа жағы ескіріп кетеді, сол жағын жөндейді. Өмір бойы осылай жүреміз бе сосын?" - деді Абай Аязбаев.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә