Павлодарда серуендеуге шыққан тұрғын пышақ жарақатынан көз жұмды

Павлодарда серуендеуге шыққан тұрғын пышақ жарақатынан көз жұмды
Фото: depositphotos.com

Павлодарда серуендеуге шыққан тұрғын пышақ жарақатынан көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, 20 шілдеде 04:34-те М.Жүсіп пен Лермонтов көшелерінің бұрышында ер адамға пышақ сұққаны туралы хабарлама түскен.

35 жастағы тұрғын кеудесінен жарақат алып, ауыр жағдайда Сұлтанов атындағы ауруханасына жеткізілген. Сол жерде ер адам қайтыс болды. 

Полиция департаменті кісі өлтіру фактісі бойынша тергеуді бастады.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жағдайы анықталып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан