"Құшағы кең, жүрегі жылы". Балжан Бидаштың Баян Мақсатқызына еркелегені халықты сүйсінтті

"Құшағы кең, жүрегі жылы". Балжан Бидаштың Баян Мақсатқызына еркелегені халықты сүйсінтті
Фото: instagram.com/bidash_official/

Танымал әнші Балжан Бидаштың продюсер Баян Мақсатқызын құшақтап, еркелеген видеосына оқырмандар түрлі пікір білдіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Біреу Балжан Бидашқа жаны ашып, жақсы тілегін білдіріп жатса, енді бірі екі мықты әйелдің бір-біріне тіреу болып, қолдау көрсеткеніне сүйсінген. 

Әнші Балжан Бидаш: "Оның құшағы кең, жүрегі жылы. Баян Мақсатқызы. Алғыс айтқың келетін адамды белгілеп кет", - деп жазды Баян Мақсатқызының құшағында еркелеп отырған видеосын әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап. 

Видеода Баян Мақсатқызы Балжан Бидашқа мейіріммен ақыл-кеңес айтып жатқаны байқалады. 

Әлеуметтік желідегі оқырмандар "Бұйырса бәрі жақсы болады", "Алла бағыңды ашсын, Балжантай", "Кім не десе де Баян ханым өте мықты әйел, оны мойындау керек", "Менің де құшақтағым келіп тұр" деген жылы пікір жазып жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Balzhan Bidash (@bidash_official)

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Ибраева